27-28 июня » КГУ Общеобразовательная Школа №129
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№129 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 234–28–48
Есепші бөлімі:
+7(727) 252-57-20
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 27-28 июня
26
маусым
2020

27-28 июня

View this post on Instagram

Алматы қаласы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Комиссия ағымдағы жылдың 27-28 маусымында демалыс күндері қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Алматы қаласында қосымша шектеу және карантиндік шаралар 2020 жылғы 27 маусымдағы сағат 00-ден бастап 29 маусымдағы 00-ге дейін күшіне енеді. Алматы қаласының Жетісу ауданында алдағы демалыс күндері 27-28 маусымда барлық ірі азық-түлік және азық-түлік емес сауда желілерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, фитнес орталықтарының, базарлардың қызметі тоқтатылады. Базарлар ағымдағы жылдың 29 маусымында (дүйсенбі күні) өз қызметіне оралады. Қоғамдық тамақтану объектілерінің көше форматындағы ашық ауада әлеуметтік қашықтықты және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жұмыс істеуіне жол беріледі. Қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылатын болады. Қызметі тоқтатылған барлық объектілерде санитариялық-профилактикалық, дезинфекциялық және санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Жетісу ауданының полиция қызметкерлері халық көп жиналатын жерлерде, оның ішінде жаяу серуендеуге, саябақтарға, жиі баратын орындарда (көшелерге) әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырады. Қала тұрғындарына, әсіресе, 65 жастан асқан адамдарға үйде болуды ұсынамыз. Осы бағыттағы шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

A post shared by Maqsat Sákenuly Qiqymov (@kikimov_maksat) on

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: