Кәсіптік бағдар беру жұмысы"Макси Шай" зауыты
4 "Д" сыныбының оқушылары "Макси Шай" зауытына барып, өндіріс барысымен танысып, ең танымал сусындардың бірі қалай жасалатынын білді. Экскурсия барысында балалар шай өндірісінің барлық кезеңдерін көрді: шикізатты өңдеуден бастап дайын өнімді буып-түюге дейін. Зауыт мамандары өз жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты оқушылардың ой-өрісін кеңейту, әртүрлі мамандықтарға қызығушылығын қалыптастыру