«Ата заң – мемлекет тірегі»
11-сынып оқушыларымен «Ата заң – мемлекет тірегі» тақырыбында сынып сағаты дискуссия форматында өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Конституцияның мемлекет өміріндегі маңызы, оның әрбір азамат үшін рөлі, құқықтар мен міндеттерді сақтау қажеттілігі туралы өз ойларымен бөлісті. Оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасып, өмірден мысалдар келтірді. Аталған сынып сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, азаматтық жауапкершілік пен заңға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті. Классный